Сәкен Майғазиевке өзіне пиар жасау не үшін керек болды?

/uploads/thumbnail/20170709031831107_small.jpg

Осыдан бірнеше күн бұрын қазақ сайттары "МузАрт" тоьының әншісі Сәкен Майғазиевтің "Отыз күнге отыз ізгі амал" жобасының аясында әлеуметтік жағдайы төмен 4 балалы отбасына азық-түлік пен киім кешек сыйлағанын, сал дертіне шалдыққан балаға арнайы аяқ жаттықтыратын машина алуға қажетті қаражатты бергенін айтып, жарыса жазды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Әншінің ізгі амалы орынды. егенмен жасаған жақсылығын міндетсінбейтін Сәкендей азаматқа осындай пиар керек пе еді? Ел арасында жасап жүрген талай жақсылықтары ел ауызында айтылып та жүреді. Дегенмен бұл жолы жағдайы төмен отбасына қалай келгенін, не сыйлағандарын арнайы фотоға түсіріп, жүріп-тұрған ізімен ақпарат жариялау біз білетін Сәкенге тән емес еді...

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дейді. Десе де, жасаған жақсылығын жария қылмай-ақ азаматтық борышын өтеп жүретін Сәкен Майғазиевке бұл пиар не үшін керек болғаны белгісіз.

Қатысты Мақалалар