Қазақ отбасының фотосы мен оның тарихы голливудтық актриса Камерон Диастың жаңа кітабынан орын алатын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Кітап 2017 жылдың көктемінде шығады деп жоспарланған.
2015 жылдың соңында актриса жариялаған конкурсқа туыстарымен бірге қалай қатысқандығы туралы Сая Оқас әңгімелеп берді.
«Бұл өткен жылдың күзінде болған еді. Туған күн кешінде біз отбасымызбен суретке түстік. Бір сіңілім актриса Камерон Диастың шығармашылығын ұнатады. Актриса өз сайтындаәр елдің анасы мен қыздарының суретіне конкурс жариялапты. Үздің фотоларды әйелдер және сұлулықты сақтау туралы кітабына қосатынын айтқан», - дейді бойжеткен.
«Біз конкурсқа қатысамыз деп шешіп, сайтқа фото мен отбасымыздың тарихын жібердік. мамыр айының басында АҚШ-тың аналар күні қарсаңында актриса Диас Instagram парақшасына фотоны салды. Біз басында сене алмадық... Фотода анамыз Гүлжанат Оқасова, анамның әпкесі Ғалия Ақынова мен оның қызы айша Сайлаубева, немересі Ералы, тағы бір әпкеміз Лаура Ақынова», - деп түсіндірді Сая Оқас.
Instagram желісінде фотолары жарияланғаннан кейін, почтаға олардың фотосы актрисаның келесі кітабына қосылатыны туралы хабарлама келгенін айтты бойжеткен.