Ирак 2 жыл бойы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының бақылауында болған өңірін қайтарып алды! Әл-Фаллуджа қаласы содырлардан толығымен азат етілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Ел әскері қаланы босату үшін 1800 лаңкестің көзін жойған. Тағы мыңнан астам жиһадшы тұтқынға алыныпты. Айта кетсек, бұл қала 2014 жылдан бері сол содырлардың қолында болған. Ирак армиясы қаланы азат ету үшін соңғы екі айдан бері кескілескен ұрыс жүргізген еді. Енді, азат етілген қалада жарылғыш заттарды залалсыздандыру жұмыстары басталмақ.