К.Мәсімов: Қазақстан аумағындағы ауру малдардың өлексесі көмілген орындардың күзетін күшейту керек

/uploads/thumbnail/20170709032025250_small.jpg

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан аумағындағы ауру малдардың өлексесі көмілген орындардың күзетін күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Кеше біз Қарағанды облысында түйнеме мәселесі бойынша кеңес өткізген болатынбыз. Ауру малдардың өлексесі көмілген жерлерді күзету бақылаудан шығып бара жатыр. Осы реттегі жұмыстарды тыңғылықты пысықтау керек және бұл бағытта тиісті тапсырма бердім. Асқар Исабекұлы, осы жұмыстарды үйлестіру әкімдермен бірге сізге жүктеледі. Үкіметтің келесі отырысында осы мәселеден бастаймыз»,-деді К. Мәсімов вице-премьер-ҚР Ауыл шаруашылығы министріне қаратып айтқан сөзінде.

Мәсімовтың сөзінше, еліміздің аумағындағы мал өлекселері көмілген орындардың нақты картасы көрсетілуі тиіс.

«Олардың барлығы сенімді түрде күзетілуі керек. Атап айтқанда, бұл жұмыстарға қаржы бөлінген болатын. Осы ретте бұл қаржының қайда жұмсалғанын, сондай-ақ бұл шараларға бағытталған қаржының игерілуіне әрбір облыстар бойынша кімдер жеке жауап беретінін қарау қажет»,-деді Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек, К. Мәсімов өңірлерде ветеринарлық қадағалау тиісті деңгейде емес екенін атап өтті. Сонымен қатар Премьер-Министр санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқаруына беру шараларын қарастыруды тапсырды.

Қатысты Мақалалар