Есентаеваның оқиғасы сөзжұмбақ беттерінде пайда болды

/uploads/thumbnail/20170709032029609_small.jpg

Белгілі продюссер Есентаеваның отбасылық оқиғасы туралы сөз жасыратын сөзжұмбақтар сатылымға шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz. Бұл туралы Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бұл сөзжұмбақты жасаған адам өзі не істеп жатқанын ойламаған шығар...", - деп жазды жігіт газеттің суретіне қатысты.

Ал пікір білдірушілер автордың қандай жауапты тұспалдап тұрғанын талқылай бастады. Біреуі сұрақтың жауап ретінде "авто" деп жазса, екіншісі "агзс" десе, енді кейбіреулері "трасса" деген де жауап беріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Кейін белгілі болғандай, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды.

Продюссерге ота жасалды, қазір үйіне шығарылған. 

 

Қатысты Мақалалар