Әубәкіровтың өліміне күдікті Мейірбеков босап шықты

/uploads/thumbnail/20170709032102172_small.jpg

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе күдікті Аян Мейірбаев кепілақымен босап шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

"ҚР ІІМ тергеу департаменті, нақтырақ айтқанда тергеу тобының жетекшісі Дүмшебаев А. Мейірбаевты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын алып тастады. Қазіргі уақытта Мейірбаев А. қылмыстық іс бойынша күдікті", - деп хабарлады Астана прокурорының орынбасары Байшолақов.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Прокуратурадағылар қылмыстық істің өзге мән-жайының тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін мәлімдеп отыр. 
Сондай-ақ, ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылғанын мәлімдеді. 

"2016 жылдың 7 мамырында Астананың прокуратурасы Мейірбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 163-бабының тәртібінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы алып тасталды. Ол босатылды", - деп мәлімдеді Сәдубаев.

ІІМ мәліметінше, Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау оның әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылған.
Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

 

Қатысты Мақалалар