Қарағанды облысында лаңестерді ұстау операциясы барысында содырлардың бірі өзін жарып жіберген, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 маусым күні Балқаш қаласы және Гүлшат елді-мекенінде діни радикалды топтардың бар екені анықталып, ұстау операциясы жүргізілді. Олар қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдалану арқылы лаңкестік әрекеттер жасамақ болған", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Анықталғандай, ұстау кезінде Гүлшат елді-мекеніндегі содырлардың бірі өзін жарып жіберген. Ол оқиға орнында көз жұмған.
«Өзге қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Топтың өзге мүшелері ұсталды. Олардан жарылғыш зат дайындауға арналған заттар, суық қару-жарақ және өзге де заттай айғақтар табылды. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейіні тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.