Допинг дауымен «Қазақстан барысынан» шеттетілген үш балуан биылғы турнирге қатысатын болды

/uploads/thumbnail/20170709032601723_small.jpg

Допинг мәселесімен «Қазақстан барысы» турнирінен шеттетілген үш балуан биылғы турнирге қатысатын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz 

Бұл туралы «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

«WADA-дан жақсы жаңалық келді! Нұғымаров, Мамедов, Тұрашев «Қазақстан барысына» қатысады!», деп жазды ол.

Еске сала кетсек, WADA тексерісінде «Қазақстан Барысы» турнирінен «Қазақстан барысы» турнирінің төрт қатысушысы Мереке Тұрашев, Александр Косачев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов мельдоний қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы-2016» турнирі 3 шілде күні Астанада өтеді.

Қатысты Мақалалар