Ирак астанасында болған лаңкестік әрекеттен 165 адам қаза тауып, тағы 168 адам жарақат алған, - деп хабарлайды Qamshy.kz vesti.ru – ға сілтеме жасап.
Бұл қантөгісті ДАИШ (ҚР аумағында заңмен тыйым салынған ұйым – ред.) өз мойнына алғаны мәлім болып отыр.
Бүгін Ирак астанасында шиит мешітінің жанында және сауда орталығында жарылыс болды.
Ел премьер-министрі Хайдар Әл-Абади бұл терактіні ДАИШ содырларының Ирактың Әл-Фаллуджа қаласын шиитік армия азат еткеніне қайтарылған жауап деп бағалады.