Алматыда Қонаев көшесіндегі құбыр жарылып, үлкен су атқылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
Бауыржан Омаров есімді куәгердің айтуынша, құбырдың жарылуынан үлкен субұрқақ болып, жол жиегінде тұрған автокөліктерге су кірген.
-Ол өте ескі құбыр болатын. Бұл магистральді құбыр 1985 жылы пайдалануға берілген. Ол өз уақытынан артық жұмыс істеді. Біз әр жылы желінің әлсіз жерін қарап, жылу беру мерзімінде тоқтап қалмауын қадағалап отырдық. Бүгін 10.50-де құбыр жарылды. Біздің қызметкерлер сол жерде жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерде зардап шеккен адам жоқ, тек екі көлікке зиян келген, - деді «Алматы жылу жүйесі» ЖСС-нің баспасөз хатшысы Наталья Инкина.