Өскемендік автобус парктер өздерінің автобустарын жаңарта бастады

/uploads/thumbnail/20170709034307432_small.jpg

Бүгінгі таңда «Рост» ЖШС сегіз, «VoSca» ЖШС төрт автобус сатып алды. Олар жақын күндері қала бойынша қозғалысқа шығады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов автобустерді қарап шығып, басталған жұмысқа он бағасын берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Өскемен қаласындағы автобус парктерінің әкімшіліктерімен автобустерді жаңарту мақсатында жалпы саны 12 көлік сатып алынды. «РОСТ» ЖШС Семей қаласында шығарылатын «Daewoo» маркалы жалпы сыйымдылығы 60 орындық сегіз автобус сатып алды. Бұл отандық автобустар №44 қалалық бағытта қызмет көрсетпек. Барлығы 2018 жылға дейін облыс орталығының жолаушы тасымалы компаниялары тағы 100 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, автобус парктерінің жылжымалы құрамын жаңарту Өскемен, Семей қалаларының жолаушы тасымалы компаниялармен жасаған меморандумдарының негізінде жүзеге асырылып келеді.

Келген келісім негізінде Өскемен қаласының 10 кәсіпорны мен Семей қаласының 4 кәсіпорны алдағы екі-үш жылда жылжымалы құрамды жаңартпақ. Жергілікті атқарушы органдармен жасалған меморандум аясында 7 жылға дейін қолданыста болған автобустардың 50 пайызы жаңартылу қажет. Осындай мөлшерде 7 жылдан 12 жылға дейін қолданыста болған автобустар де жаңартылады. Ал қолданыстағы уақыты 12 жылдан асқан автобустар қала ішінде жолаушы тасымалдауға шығарылмайтын болады.

Қатысты Мақалалар