Қытай су астынан «Ұлы қорған» тұрғызбақ

/uploads/thumbnail/20170709034309901_small.jpg

Қытай су астынан «Ұлы қорған» тұрғызбақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

 

«DailyTechInfo» ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, аталмыш қорған кілең роботтардан құрастырылады. Әскери-техникалық мақсаттағы «қорған» шет елдіктер үшін әйгілі Қытай қорғанының көшірмесі сияқты болғанымен, бұл жүйе мемлекеттің қорғаныс қызметінде және су астында зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылмақ. Бұл жүйенің ерекшелігі сонда, ұшқышсыз-ақ  су асты «ғарыш станциясында» өз қызметін атқаратын сүңгуір қайықтар кез-келген уақытта тереңге сүңгіп, тиесілі зерттеулерді жүргізе алады.  Оңтүстік-Қытай теңізі үшін арнайы жасалған роботтар 3000 метр тереңдікке сүңгу мүмкіндігіне ие. Қытайдың су асты станциясы әлемдегі ең терең станция деп танылуы әбден мүмкін. Өйткені бұған тең келер нысан әлі ешбір елде жасалған жоқ. Су асты роботтары теңіз түбіндегі пайдалы қазба түрлерін іздеумен де айналысады. Жаңа станцияның жұмысы болашақта бағалана жатар. Ал шет ел ғалымдары Қытайдағы су асты нысанының арқасында ғылым тың жаңалықтарға кенеледі деп үміттенуде. 

Дана Қамшыбек
«Қамшы» сілтейді​

Қатысты Мақалалар