Ақтөбеде туған сиам егіздерінің жынысы анықталмай жатыр

/uploads/thumbnail/20170709034327323_small.jpg

Ақтөбеде өткен аптада дүниеге келген төрт аяқты баланың жынысы анықталмай жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Aktobetimes.kz -ке сілтеме жасап. 

Өткен аптада өмірге төрт аяқты нәресте келді. Ал жетілмей қалған егізінің кей ағзалары оның денесіне жабысып туған.

"Иә, балада төрт аяқ бар. Онда даму кемшіліктері көп. Баланың жынысы туралы дөп басып айту да әзірге мүмкін емес, оның үстіне бұл бастапқы қажеттілік емес", - дейді Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин.

Бейсенбі күні нәрестеге алты күн болады. Сәбидің өмірін ұзартқан ота – колостомия болды. Бала әлі жансақтау бөлімінде. Ал аяқтарына ота жасау әзірге ерте.

Оның не себепті бұлай дүниеге келгені белгісіз. Бұған экология да, анасының жүктілік кезінде сырқаттануы да әсер еткен болуы мүмкін. Себебі облыста ауытқушылықтармен дүниеге келген сәбилердің саны артып кеткен.

Қатысты Мақалалар