Астананың миллионыншы тұрғыны Алматының миллионыншы тұрғынын еске түсірді: Ол кім еді?

/uploads/thumbnail/20170709034651935_small.jpg

Астананың миллионшы тұрғыны болып өмірге келген Саида есімді сәби Қазнетте көп талқыланды. Осыдан кейін жұртшылық Алматының миллионыншы тұрғыны болған баланы еске ала бастады.

Осылайша Астананың миллионыншы тұрғыны Алматының миллионыншы тұрғынын еске түсірді. Сонымен ол кім еді?

Бауыржан Дәулетұлы Қадырсызов 1981 жылы 19 желтоқсанда төртінші перзентханада құрылыс саласында еңбек ететін Дәулет және Гүлнәзия Қадырсызовтардың отбасына дүниеге келген. Осынау қуанышты сәтке байланысты қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы отбасына ізгі тілегін білдірген болатын:

Алматының миллионыншы тұрғыны болған Бауыржанға қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының өзі батасын берген. 

«Бауыржан деп атын қойған сәбиге батамды беремін. Дені сау, нағыз жігіт болып өссін. Ұлы Отанымыздың мықты азаматы болуына шын жүрегіммен тілектеспін», – деген еді батыр.

Өмірге келген ұл балаға сол кезде «Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны» деген алқа тағылып, қаланың символикалық кілті табыс етілген.

Бауыржан өзінің миллионыншы тұрғын болғанынан аздап қысылатын жігіт жұртқа жария ете бермейді екен.

«Мен қарапайым жігітпін, қарапайым күн көремін, ешқандай сый-құрметті талап етпеймін. Мені сүйікті қаламның миллионыншы тұрғыны ретінде емес, осы қалпыммен қабылдағандарын қалаймын. Ал қаланың кілтіне келер болсақ, ол Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар музейінде сақтаулы», – дейді Бауыржан Қадырсызов.

Сондай-ақ, Алматының миллионшы тұрғыны Қонаевқа сахнадан тұрып өлең оқитынын, өмірінде газеттерге де, телеарналарға да көп сұхбат бергенін, түрі шараларға қатысқанын, көбіне өзіне батырдың есімі берілгендіктен  Бауыржан Момышұлымен байланысты шараларға қатысқанын еске алды. 

Әліби және Әлихан есімді екі ұл тәрбиелеп отырған Алматының миллионшы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов Астананың миллионшы тұрғыны болған Саида есімді сәбиге бақыт тіледі.

-Саида ең бақытты, сұлу әрі ақылды қыз болғанын тілеймін. Ол барлығына үлгі болсын, өйткені ол – елорданың бейнесі. Ал қыз бала қашанда мейінбандықтың, қамқорлықтың үлгісі саналады, - деді ол.

 

Қатысты Мақалалар