Ақтаста жоғалған 2 бала Қарағандыдан табылды

/uploads/thumbnail/20170709034656654_small.jpg

Қарағанды қаласында күні кеше Ақтас ауылынан жоғалып кеткен  кәмелеттік жасқа толмаған 2бала табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел іздестіру шаралары барысында Саран қалалық ІІБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері Ақтас ауылының екі кәмелетке толмаған балаларын Қарағандыдан тапты», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Балалардың үйден кетіп қалу себебі мен олардың Қарағанды қаласына қалай жеткендігі әзірге белгісіз. «Мұның барлығы да анықталатын болады», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 шілде күні Қарағанды облысына қарасты Ақтас ауылынан 10 және 11 жастағы  екі бала жоғалып кеткен болатын. Олар түс ауа үйлерінің ауласынан шығып кетіп, қайтып оралмаған. Балаларды іздеу жұмыстарымен полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер де айналысты.

Қатысты Мақалалар