Дінтанушы: Шымкент салафиттердің ордасына айналды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709034659076_small.jpg

Белгілі теолог, дінтанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай “Қала мен Дала” газетінің сайтына арнайы сұхбат берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ақтөбедегі лаңкестік оқиғадан кейін елімізде терроризммен күресудің тиімді жолы бар ма деген сұрақ туындағаны шын. Бұдан бұрын да талай жылдан бері айтылғанымен, билік өкілдері “ешқандай террористік қауіп жоқ, болған күннің өзінде алдын алуға даярмыз” деген еді. Бірақ соңғы уақыттары биліктің өзі бұл мәселені қоғамдық талқыға салуға мүдделілік танытып отыр.

Президент Назарбаев қанды оқиғаны жасаушылардың сәләфилік жолды ұстанушылар екенін айтқанымен, кейбір депутаттар бұған ашық қарсылық танытып, сәләфилердің бәрін бір шыбықпен айдауға болмайтынын алға тартып отыр. Қоғамды түрлі жікке бөлген діни алауыздықты қалай реттеуге болады деген деген ой төңірегінде көңіліміздегі сұрақтарды Досай Кенжетайға қойған едік. Бұрын біз естімеген кейбір мәліметтерге жолықтық. Теолог-ғалым сәләфилердің орталығы Атырау, Ақтөбе, Жезқазған емес, Шымкент дейді. Және бұл ағым өкілдерінің жалпыхалықтық сипат ала бастағанын да жоққа шығармайды. Эксклюзивті сұхбатты төмендегі қысқа-нұсқа жауаптардан тыңдай аласыздар.

-Сәләфтармен қарсыласуға сопылар ғана ықпалды ма еді?

-Қазақстандық сәләфилердің экономикалық әл-ауқаты қандай?

-Қазақстандағы сәләфилердің ең үлкен ошағы қайда орналасқан?

 -Сәләфтармен күрес барысында нені ескергеніміз абзал?

 -Сәләфизді бірнеше түрге бөліп қарастырып, оларға «қауіпті», «қауіпсіз» деп баға беру қаншалықты дұрыс?

 -Сәләфизм көрші елдерге қандай қауіп әкелді? Қазақстан сол жағдайлардан қандай сабақ алмағы абзал?

-Сәләфизмге заң жүзінде тыйым салу керек деген ой айтылып жүр. кешігіп қалған жоқпыз ба?

-Осындай лаңкестік оқиғаларға жол бергеніне байланысты діни ахуалды бақылап отырған органдар қызметін сынаушылар көп. Билік неден қателік жіберді?

-Барды жоққа шығаруда алдымызға жан салмай отырған жоқпыз ба?

-Елімізді сәләфизм ылаңынан алып шығатын қандай жолды нұсқар едіңіз?

-Сәләфизм бағытындағылардың әйелге көзқарасы қандай?

-Сәләфизмнің елімізге келтіретін зауалдары қандай?

-Қазақстандағы сәләфилердің санына қатысты дерек те айтылды. Қазіргі уақытта санмен күресу керек пе, сапамен бе?

Қатысты Мақалалар