Астанада жоғалған балалар Алматыдан табылды

/uploads/thumbnail/20170709034748592_small.jpg

6 шілде күні Астана қаласында жоғалған 14 жастағы  Жансая Әбілхайыр мен екі жасар Нұрәлі Асқар Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үйінен 40 мың теңгені алып, екі жасар інісін ерте шыққан жасөспірім Алматыға автобуспен келген.

-Балалар "Сайран" автобкекетінен табылды. Олардың Астанадан Алматықа қалай, не үшін келгендері алдағы уақытта анықталады, - деді ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Екі баласын алып кетуге әкесі Алматыға ұшып келді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 6 шілдеде Астанада шамамен таңғы сағат 10-да үйден кетіп, оралмаған 14 жастағы  Жансая Әбілхайыр мен екі жасар Нұрәлі Асқарға іздеу салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Қатысты Мақалалар