Жаңаөзенде жанар-жағармай өртке оранды (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709034749999_small.jpg

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жанар-жағармай құю бекеті өртке оранды. Қызыл жалын шарпығанда бекетпен бірге маңында тұрған бірнеше көлік те жанып кете жаздаған. Куәгерлердің айтуынша, қызметкерлер мен жүргізушілер мүліктерін тастап, оқиға орнынан қашып үлгерген, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Қас -қағым сәтте өртенген жанар-жағармай құю бекеті «Қазмұнайгаз» компаниясына тиесілі. Өрт жарты сағат бойына шарпып, қаланы қара түтін басқан. Дәл жолдың бойында орналасқан соң, көліктер қозғалысы да қиындапты. Абырой болғанда төтеншеліктер дер кезінде өртті сөндіргендерін айтады. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар бүгін өрттің шығу себебін анықтады. 

НҰРДӘУЛЕТ САТТЫҚОВ, Жаңаөзен қалалық төтеншежағдайлар бөлімінің басшысы:

- Бекеттің шатыры мен екінші колонкасы толықтай өртеніп кетті. Процессуалды шешім қабылдау үшін Жаңаөзен қаласыныңы Ішкі Істер бөліміне жолданды.

Қатысты Мақалалар