Оралдағы "Нефтебаз" аялдамасының маңынан 5 айлық сәби табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Мой город порталына сілтеме жасап.
Түн ортасында сәбиін көпірдің астына тастап кеткен келіншек мас болған. Баласын тастап кеткен көкек ана алкогольге тәуелділер тізімінде тұрады екен.
Түн ортасында қатты суықтап қалған сәби балалар ауруханасында ем қабылдауда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.