Қарағандыда жоғалып кеткен 6 жасар қыз табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
"6 жасар Дарья Пахатаева Октябрь ауданынан табылды. Оны ата-анасына қайтардық. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Денсаулығы жақсы",- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Еске салайық, 4 шілдеде Қарағандыда 33-шахта аумағында қыз жоғалып кеткен болатын. Ол түске дейінгі уақытта үйден шығып кеткен. Оны соңғы рет мектеп маңындағы балалар ойнайтын алаңда көрген.