Қызылордадағы ЗК-169/5 мекемесіндегі кәсіптік-техникалық колледжін бітірушілерге диплом табыс етілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.
14 сотталған азаматқа Қызылорда политехникалық колледжінде газ-электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша және 21 жазасын өтеушіге Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде ағаш шебері мамандығы бойынша диплом берілді.
-Абақтыға түскендердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, олардың білім алуына мүмкіндік тудыру, жазалау мерзімі аяқталғанша қандайда бір мамандыққа баулудың маңызы зор, - дейді Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Ғанибек Отарбаев.