Есентаеваға ресейлік клипмейкер Алексей Голубев көмектескісі келеді

/uploads/thumbnail/20170709034800155_small.jpg

Баян Есентаевамен бірлесіп біраз жұмыс жасаған ресейлік клипмейкер Алексей Голубев әріптесінің жеке басындағы жағдайдан хабарсыз екен. Жаңалықты естігенде таң қалып, Баянға қолдау білдіргісі келді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz -ке сілтеме жасап.

Muzzone музыкалық арнасының кешіне қатысқан Алексей Голубев бұрынырақта Есентаеваның алғашқы музыкалық видеосын жасауға көмектесіп, оны телевидениеге шығартқанын есіне алды.

-Мен не болғанын және қалай болғанын білмеймін. Мұндай дүниелер болмауы да керек қой. Баянмен жақсы аралассам да, жолдасын ешуақытта көрген емеспін. Оның жолдасы барын білетінмін және Баян оны қатты сыйлайтын. Ол өте танымал болса да, жұрт алдында бірде бір рет жағымсыз қылық көрсетпеген”, – дейді Голубев.

Оған қойылатын сұрақтар жанын жаралауы мүмкін, жазылған соң қаласа өзі айтып берер деген клипмейкер қандай жағдай болса да, қажет болса, көмектескісі келетінін айтты.

Ал продюссер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жақын досы, продюссер Эрик Тастамбеков Баянның шоу-бизнеске жуырда оралатынын жеткізді.

-Меніңше, ол денсаулығын қалпына келтіру үшін Францияға кетті.  Оның биыл шығарған “Алау”, “Жарқынай” сынды жаңа жобалары бар”, – дейді Тастамбеков.

Естеріңізге салсақ, продюсер Баян Есентаева 10 маусым күні Алматы облысы Талғар ауданы аумағында соққыға жығылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ал, оның күйеуі Бақытбек Есентаевті полиция күдікті ретінде қамауға алынған болатын.

Қатысты Мақалалар