Жер бетінде су азайып кетуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709034829265_small.jpg

АҚШ пен Еуропа ғалымдары ғаламдық климаттың өзгеруіне байланысты Жерде судың азаю қаупіне қатысты зерттеулер жүргізген. Адамзат суды тиімді пайдаланбаса келешекте су тапшылығы көптеген аймақтарды жайлауы мүмкін екендігін ғалымдар бұған дейін де мәлімдеген болатын. Бүгінде зерттеушілер гидросфераға келер зиян «электр жел» арқыы болуы мүмкін екенін айтуда. Шет елдің астрофизиктері мен геофизиктері аспан денелерінде күшті «электр желі» соқса, Жер құрамындағы су мөлшері азаятын көрінеді. «Электр желі» — аса күшті электр өрісі, ғарышқа сутегі иондарын ғана емес, ауыр оттекті де айдап апарады екен. Ғалымдар бұл үрдісті Шолпанды зерттеу арқылы байқаған. Шолпанның электр өрісі   Жерден гөрі бес есе көп. Бұл Шолпанның Күннен алатын ультракүлгін сәулелерінен білінеді. Геофизиктер аталмыш үрдісті Venus Express еуропалық станциясының ASPERA-4 ғылыми құралы арқылы зерттеген. Сондай-ақ, АҚШ пен Еуропа ғалымдары Марсты MAVEN (Mars Atmosphere and Volatile Evolution) және  Mars Express станциялары арқылы да зерттеп жатқан көрінеді.

Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар