Қостанайлық жігіт 13 жастағы қыздың көзіне әдейі оқ атқан

/uploads/thumbnail/20170709034838718_small.jpg

Қостанайда бір жігіт 13 жастағы қыздың көзіне қасақана оқ атқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 5 шілдеде сағат 22.00-де Алтынсарин көшесінде болған. 1998 жылғы жігіт кәмелет жасына толмаған қызға оқ атқаннан кейін оқиға орнынан із жасырған. Ол әлі іздеуде жүр. 

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашарина.

Жәбірленуші жатқан көз аурулары облыстық ауруханасының дәрігерлері пікір білдіруден бас тартыпты. Алайда оның жарақатының ауыр екенін, сондықтан емделетінін айтқан. 

Қатысты Мақалалар