Қазақстанның сыртқы қарызы күн сайын 5,8 миллион долларға өсуде, – деп хабарлайды Qamshy.kz 365info.kz – ке сілтеме жасап.
2016 жылдың наурыз айында Қазақстанның шетелдік кредиторларға берешегі 154 миллиард долларды құраған. Алайда, бұл соманың һсуіне фирмааралық қарыздар себеп болған.
Қазақстан экономикасындағы рецессия жағдайында сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қатынасы артып отырғаны байқалады.2016 жылғы наурыз айында ол көрсеткіш 92,3, 2015 жылдың соңында 83,2 пайызды құраған. Ұлттық банк резервтерінің есептік кезеңдегі қысқа мерзімді сыртқы қарыздарға қатынасы 120,4 пайызға тең. Бірақ, Finprom.kz талдауына сенсек, алаңдауға ерте көрінеді: халықаралық стандарттар бойынша қарыздың резервтерге қатынасы 100 пайыздан кем болмауы тиіс. Осылайша Қазақстан сыртқы қарыздарымен есептесуге қажет қорларға ие көрінеді.
Сыртқы жалпы қарыздың өсуі шетелдік компаниялардың Қазақстандағы еншілес компаниялары менфилиалдарына қарыз ретінде құйған тікелей инвестициялары көлемінің артуынан туған фирмаралық қарыздарға байланысты болып отыр. Бірінші тоқсандағы жинақталған фирмаралық қарыз көлемі 82,8 миллиард долларды (Қазақстанның жалпы сыртқы қарызының 53,8 пайызы) құрап, 1003 миллион долларға өскен. Фирмаралық қарыздарды есепке алмағанда сыртқы қарыздың 471,2 миллион долларға дейін кеміп, 71,146 миллиард долларға дейін төмендейтіні айтылады.
Қазақстан қарыз алып отырған негізгі ел – Нидерланды (43,7 млрд доллар). Бұл соманың да елеулі бөлігін фирмааралық қарыздар құрайтын көрінеді.
Қазақстан сыртқы қарызының соңғы бес жылдағы динамикасы

Осы тоқсандағы сыртқы мемлекеттік қарыз 15,9 миллион долларға өсіп, 12,2 миллиард долларды құраған. Мемлекет кепілдендірмеген сыртқы қарыз есептік кезеңде 141,12 миллиард долларды немесе жалпы сыртқы қарыздың 91,6 пайызын құрады. Үш айдағы өсім 518,1 миллион долларға тең.
Наурыз айының қорытындысы бойынша шетел валютасымен 136,3 миллиард доллар, ұлттық валютада 4,4 миллиард доллар тартылған. Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері бойынша қарыздың негізгі бөлігі (100,37 миллиард доллар) «еркін жүзетін» мөлшерлеме бойынша алынған. Бұл жағдайлар экономикадағы дағдарыстық құбылыстар созылып, несиелік рейтингтердің төмендеуі, ұлттық валютаның әлсіреуі орын алса қарыз алушылардың мідеттемелерін орындауы қиындайтынын көрсетіп отыр.
Қазақстанның 2016 жылғы 1-тоқсандағы сыртқы қарыздарды өтеу бойынша төлемдері 6,5 миллиард АҚШ долларын құрағанын айта кету керек. 2016 жылдың қалған уақытында Қазақстан сыртқы кредиторларғаа жалпы жиынтығы 17,94 миллиард доллар, соның ішінде 3,87 миллиард көлеміндегі пайыздық өсімді қайтаруы керек.
Ал, әлемдегі сыртқы қарызы ең көп мемлекет ретінде АҚШ аталады. Оның сыртқы қарызы өткен жылы 18 триллион долларды құраған.

Дайындаған: Дархан Мұқантегі