Босқын тарапынан священникке тағы да шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz
Бельгияның Ланакен қалашығында 65 жастағы католик священнигі Йос Вандерли есік қағып, жуынуға рұқсат сұраған босқынды кіргізген соң келімсек оған шабуыл жасаған. Бұл туралы "Лайф" жазады.
Босқын ваннаға жуынып болған соң священниктен ақшаның қайда сақтаулы екенін сұраған. Священник жауап беріп үлгерместен босқын пышақ ала жүгірген. Священник жедел ауруханаға жеткізілген. Шабуылдаушы жасырынып үлгерген. Бельгия полициясы тергеу амалдарын жүргізуде. Естеріңізге салайық, өткенде аптада Францияның Руан қаласында исламистердің бірі жергілікті священникті өлтірген болатын. Бұл террорлық әрекетті «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алған болатын.