Алматыда жоғалған 18 жастағы Жұлдыз Ерманова табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"1998 жылғы Ж.С.Ерманованы іздестіру мақсатында құрылған жедел-іздестіру тобының жүргізген шараларының барысында оның қайда екендігі анықталды. Одан қазір жауап алынып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз үйінен өз қалауымен кетіп қалған. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады" - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысының міндетін атқарушы Рустам Әбдрахманов.
Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз 1 тамыз күні кешкі 18.00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Оған туыстары мен Алматы полициясы іздеу жариялаған болатын.