Алматы облысында мал іздеп кеткен жігіт тікұшақпен іздестірілуде

/uploads/thumbnail/20170709050630587_small.jpg

Алматы облысы Ақсу ауданында Сыртанов ауылдық округінің Қопа ауылының із-түзсіз жоғалған тұрғыны екінші күн іздестірілуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Іздеу шараларына 57 адам тартылды. Олар облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің, облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың, АІІБ, апаттық медицина орталығының Талдықорған қалалық филиалының қызметкерлері. 

1997 жылы туған жоғалған азамат ағымдағы жылы  1 тамызда таңғы сағат 8-де жоғалған малды іздеу үшін шығып, содан бері оралмады», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.

Ведомствода атап өткендей, бүгін жоғалғанды іздеу үшін ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ «Eurocopter ЕС 145» тікұшағы жұмылдырылды. 

Қатысты Мақалалар