АҚШ ислам ғұламасы Фетхуллах Гүленді Түркияға бермеуі мүмкін. Өйткені, түрік билігінің оны экстрадициялау үшін ұсынған дәлелдері жеткіліксіз көрінеді , - деп хабарлайды Qamshy.kz РИА Новости – ға сілтеме жасап.
Дереккөздердің хабарлауынша Түркия мен АҚШ-тың ресми өкілдері Ф. Гүленді экстрадициялаудың түрлі сценарийлерін талқылаған. Алайда, Анкара американдық шенеуніктерді айтқандарына көндіре алмаған.
Сондықтан, бұл мәселе жөнінде ақырғы шешім әлі қабылданбағаны, ал, келіссөздердің бірнеше айға дейін созылып кетуі мүмкін екендігі айтылуда.
Бірқатар басылымдар Түркия тарапынан Гүленді қайтаруға байланысты ресми талап қойылмағанын, АҚШ қорғаныс басшыларының Түркияға сапары барысында да төңкеріске АҚШ-тың қатысы туралы ештеңе айтылмағанын жазуда.
Бұған дейін Түркияның Әділет министрі Бекір Боздақ Ф. Гүленнің АҚШ-тан қашып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Ал, Гүленнің өзі болса, Түркияда болған төңкеріс жасау әрекетіне еш қатысы жоқтығын айтып, мәлімдеме жасаған.