«Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқауына ШҚО –дан қатысушы кәсіпорындар белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709050905589_small.jpg

ШҚО-да «Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқауының аймақтық кезеңі өтіп, жеңімпаздар анықталды. 60-қа жуық кәсіпорын қатысқан байқаудың жүлдегерлері енді республикалық кезеңде облыс атынан қатыспақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Айта кетсек, аталған шараға ағымдағы жылы ашылып, кәсібін енді ғана дөңгелетіп үлгерген бірқатар кәсіпорындар қатысты. Көрмеге қойылған өнімдер арасынан азық-түлік, шаруашылық пен өндірістік өнімдерді кездестіруге болады.

«Өткізіліп отырғаны шараның негізгі мақсаты, отандық өнімді қолдай отырып, кәсіпкерлердің беделін арттыру болып табылады. Қазіргі күннің өзінде Шығыс Қазақстанда өндірілетін, соның ішінде ауыл шаруашылық саласының өнімдерінің сапасы жоғары, сұранысқа ие. Осылайша бәсекелестікке қабілеттілігімізді арттырып, тұтынушыларға табиғи өнім ұсынып отырмыз», – деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, үшінші орынды медициналық құрал-жабдықтарды жасаумен айналысатын «Терра Вита» ЖШС иеленді. Ал екінші орын «Масла и смазка Казахстана» ЖШС-на бұйырды.

Ал, байқаудың бас жүлдесін «Adekom PromMash» ЖШС иеленді. Аталған кәсіпорын сығылған ауаға арналған құралдарды жасаумен айналысады. Бүгіндегі әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан, өндірісі ошағының кәсібі өрге домалап келеді.   

Аймақтық кезеңде жеңіске жеткен кәсіпорындар республикалық байдауда облыс атынан қатыспақ

Қатысты Мақалалар