Өскеменге топтық визамен Қытайдың алғашқы туристері келді

/uploads/thumbnail/20170709051613314_small.jpg

Өскемен аймақтық туризмді дамыту бағдарламасы бойынша көрші Қытайдан келген қонақтарды күтіп алды. Бұл - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚХР Туризм істері бойынша мемлекеттік басқармасы арасында жасалған Қытай азаматтарының Қазақстанға топтық туристік сапарларын оңайлату келісімінен кейін келген қытай туристерінің алғашқы тобы, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңайлатылған топтық визамен ұшып келген қытайлық туристерді салтанатпен қарсы алды. Аспанасты елінің тұрғындары үшін үлкен мәдени бағдарлама жасалған. Облыс аумағында өткізетін үш күн ішінде қонақтар ат үйрететін орынға, музейлерге барып, қазақтың дәстүрлі тұрмысымен таныс болады және каллиграфия бойынша шеберлік сағаттарына қатысады. Алғашқы қытайлық туристер үшін «Титан» асыл тұқымды жылқы зауытына, Сол жағалау музей-қорығына, «Багратион» шаруашылық қожалығына экскурсия жасалады. 

Алғашқы туристік сапарды шығысқазақстандық «Премьер-тур» туристік операторы ұйымдастырды. 

Бүгін таңертең қытайлық туристер Винное ауылындағы жабық ат спорты орнына барды. Қонақтар асыл тұқымды жылқы түрлерімен: Орлов желісті жылқысы, ағылшын салт аты, арабтың таза қанды жылқыларымен таныс болды, олардың арасында халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар. Қытайлық көрермендерге ұлттық салт-дәстүріміз көрініс тапқан «Ғасырлар бойы ат үстінде» тарихи спектаклі қойылды. 

Күннің екінші бөлігін қытайлық туристер тобы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкентану музейінде өткізеді. Онда туристерді каллиграфия сабақтары, жас жауынгер курсы және майдан әндерінің караокесі қарсы алмақ. 

Туризм басқармасының хабарлауынша, мұндай сапарлар аймақтық туризмнің дамуына және Шығыс Қазақстанның көрікті жерлерінің қытай туристерінің назарына ілігуіне септігін тигізеді.

Қатысты Мақалалар