49 келіге дейінгі салмақ категориясында шаршы алаңға шыққан Қазақстан боксшысы Біржан Жақыпов намбиялық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
32 жастағы әлем чемпионы 23 жастағы Намбия боксшысы Матис Хамуньелді жеңіп (29:28, 30:27, 30:27), бокс турнирінің 1/8 финалына шықты. Онда (10 тамыз – ред.) Біржан 23 жастағы өзьек боксшысы Хасанбай Дусматовпен кездеседі.
Айта кетсек, Біржан Жақыпов – Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі боксшы. Риодағы бәсеке жоғары деңгейлі сандаған додаларға қатысқан Біржан үшін соңғы Олимпиада.