Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

/uploads/thumbnail/20170709051617907_small.jpg

Олимпиада ойындарында алтын жүлдеден басты үміткер саналып отырған 69 келідегі Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың капитаны бірінші айналымда бос болған еді. Бүгін оның 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды. Ұлыбритания боксшысы Джош Келли Египеттен келген Валид Мохамедті ұтты. Енді 11 тамыз күні Елеусінов пен Келли кездесетін болады.

Бұл боксшы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) Аслан Шымбергеновке ұтылған еді.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Төрт жылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.

Қатысты Мақалалар