Ресей ДАИШ нысандарына әуеден соққы жасады (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709051623704_small.JPG

Ресей әскерилері Сирия жеріндегі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) ұйымының лаңкестерінің позицияларына әуеден соққы жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Дүйсенбіде, 8 тамызда көрші елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ресейден Ту-22М3 алты бомбалаушы ұшақтар ұшып шығып, Пальмирадан шығыс және солтүстік-батысқа қарай Эс-Сухне және Арак елді мекендеріне жарқыншақ-фугас бомбаларын тастады.

Ұшақтар лаңкестердің басқару пункті мен үлкен далалық лагерін талқандады. "Пальмира және Арак аудандарында басқару пункті мен лаңкестер шоғырланған жерлер, қару-жарақ жасырынған жертөлелер қоймасы, құрлық әскеріне арналған әскери көліктер, 12 ірі калибрлі пулемет орнатылған жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктер, қарсылас жақтың лаңкестерінің көп мөлшерде көзі жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрлігі YouTube арнасында ДАИШ нысандарына жасалған соққының видеосын жариялады.

Қатысты Мақалалар