ОҚО-ның Төлеби ауданында егін ору науқаны қызу жүріп жатыр

/uploads/thumbnail/20170709051703236_small.jpg

 

ОҚО-ның Төле би ауданында егін ору науқаны қызу жүріп жатыр. Бұл үшін ауданда барлық қажетті техника күші жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы бидай өсіруге маманданған Төле би ауданында егін ору науқаны қызу жүруде. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен,-деп хабарлайды Qamshy.kz

Шаруалар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жалпы ауданда 19 859 гектар жерге астық егілсе, оның 12747-сі бидай, ал 7112 гектары арпа. Бүгінде шаруалар 8 мың гектарға жуық бидайды орса, арпаны толығымен жинап алып отыр. Гектарына 24-26 центнер өнім алуды жоспарлап отырған диқандар өнімнің түсімі былтырғы жылмен салытырғанда 23,5 пайызға артқанын айтады.

Төле би ауданындағы ауыл шарушалығының қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Егін ору науқаны қызу жұріп жатқан кезде төле биліктер науқанға білек сыбана кірісіп, «қыстың қамын жаз ойла» қағидасын жүзеге асыруда екен.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алтын орақ кезінде 75 комбайн, тасмалдаушы 153 жүк автокөліктер жұмылдырылған. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген. Ендігі міндет - егін орағы науқанын лайықты атқару. Гектарына 24-26 центнер өнім алуды жоспарлап отырған диқандар өнімнің түсімі былтырғы жылмен салытырғанда 23,5 пайызға артқанын айтады. 

 

Қатысты Мақалалар