ШҚО-да 6 ай ішінде екі жүзден астам бұрын сотталған адам жұмысқа орналасты

/uploads/thumbnail/20170709051701658_small.jpg

Алты ай ішінде Шығыс Қазақстанда жазасын өтеп бостандыққа шыққан, пробация қызметінің есебінде тұрған 220 адам жұмысқа орналасқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

73 адам тұрақты жұмыс орнына ие, ал 57 адам квота бойынша жұмысқа жіберілді, 80 - қоғамдық жұмыстарға, 11 - әлеуметтік жұмыс орнына орналасты, төртеуі арнайы білім алуда, деп хабарлады өңір орталығы.

Ұлт жоспары аясында ШҚО-да құрылған әлеуметтік оңалту кешенді стратегиясы және оларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет арқасында әлеуметтік осал әрі қауіпті топ өкілдерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болды. 

Өткен жылы осы категориядан 361 адам жұмысқа орналасты.

Қатысты Мақалалар