Журналист Ирина Советжанқызы шеберлік сағатын өткізеді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709051709064_small.jpg

Тележурналист болғыңыз келе ме? Тележурналист білуі тиіс бес қағида қандай? Тың ақпаратты қайдан іздейміз? Жаңалықты қолдан жасауға бола ма? Жасырын ақпарат көздері деген қандай ұғым? Оны қайдан, қалай іздейді? Даулы материалдарды эфирге беру алдында қандай заң талаптарын негізге алу керек? Жаңалықты елден бұрын естігіңіз келсе, оқиға орнына жылдам жетудің қандай жолы бар? Бұл сұрақтың жауабын журналист Ирина Советжанқызы өткізетін «Тележурналист» шеберлік сабағынан табасыз.

«Информбюро» жаңалықтар қызметінің арнаулы корреспонденті, «Сөздің шыны керек» бағдарламасының авторы, әрі жүргізушісі Ирина Советжанқызы – 31-арнадағы «Айтылмаған әңгіме», «Жұлдызды шаңырақ», «Айта берсін» бағдарламаларының да жауапты редакторы.

Шеберлік сабағына қатысам деушілер үшін байланыс телефондары:

+ 7 702 730 15 15 +7 701 139 15 79.

Қолдағандар: @medialivekz @ppzkz.almaty @onerli_omir @tsoytatyana @gaziza_almaty @loungebar_light @msaparbayev

Қатысты Мақалалар