Орынбасары Сапарбаев жоқта басқарма басшыларын ауыстырып жатыр

/uploads/thumbnail/20170709051954895_small.jpg

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәл қазір қызметінде жоқ. Облыс әкімінің міндетін атқару оның орынбасары Асқар Шерияздановқа жүктелді,- деп хабарлайды Qamshy.kz oinet.kz – ке сілтеме жасап.

Әрине, әкім орнынан босатылды деп отырған ешкім жоқ. Шамасы Бердібек Машбекұлы тамыз айынан бастап кезекті еңбек демалысына шығып кеткен болуы мүмкін.

Бір қызығы, әкімдік қызметтің тізгінін алған бойда Асқар Шериязданов облыс әкімдігінде кадрлық-ауыс-түйіс жасауға кірісті. Айналдырған 3-4 күннің ішінде  үш бірдей басқарманың басшысын жаңартты.

 Алдымен облыстық индустриялдық-инновациялық басқармасына жаңа басшы тағайындады. Бұл қызмет Салават Вахитовқа бұйырды. Бұдан кейін Қайрат Отаровты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы етіп тағайындады. Ал күні кеше ұзақ жылдар прокуратура саласында еңбек еткен Абдухат Мырзалинді жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарманың басшысы етіп бекітті.

Әдетте басқарманың басшысын облыстың әкімі тағайындайды. Әкімнің міндетін атқарушының да ауыс-түйіс жасауға құзыры жүретін шығар. Дегенмен А.Шерияздановтың үш бірдей басқарманың басшысын жаңартқанын көпшілік неге жорырын білмей аң-таң.

Жаңа басқарма басшыларының кандидатурасы Бердібек Сапарбаевпен алдын ала келісілген шығар...Кім біледі, бәлкім, олардың әкімнің «отпускіде» жүрген кезінде тағайындалуында да бір сыр бар ма екен?

Қатысты Мақалалар