ҚАЖД Алматы облысындағы түзеу мекемесінде салафиттік мазмұндағы әдебиеттердің болғанын растады,- деп хабарлайды Qamshy.kz Алматы облыстық Дін істері басқармасына сілтеме жасап.
Qamshy.kz порталында жарияланған «Жазасын өтеп шыққан жігіт түзеу мекемесінде уаххабилік әдебиеттерге тыйым салынбағанын айтады» атты мақалаға Алматы облысы Дін істері басқармасынан жауап келді. Әуелі орыс тілінде, кейін қазақшаға аударылып жолданған хатта ҚР ІІМ-нің Алматы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) бастығының орынбасары Б. Жүнісовтің жауабы келтірілген.
«ЛА-155/14 Заречный түзету мекемесінде діни әдебиеттердің еркін таралуы жайында жарық көрген мақала Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті мен жан-жақты тексерілді.
Ағымдығы жылдың 28 шілде күні ҚАЖ және Алматы облысы дін істері басқармасының қызметкерлері бірлескен түрде аталмыш мекемеге тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында тыйым салынған немесе экстремистік деп танылған қандай да әдеби және ақпараттық материалдар айқындалмады.
Сонымен қатар, мақалада ұсынылған «ЛА-155/14 т.м» жедел тобы тексерілді» мөрленген материалдарға ҚАЖ тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп, аталған барлық әдебиеттер Қапшағай қалалық ҚР ҰҚКД бөліміне жіберілген, діни-экстремистік, террористік және өзге де діни насихаттаудағы материалдарға тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша аталған әдебиеттер ҚМДБ-мен ұсынылған және қолдануға кері пікірлерін білдірмеген, яғни Qamshy.kz сайтында көрсетілген барлық әдебиеттердің орын алуы таң қаларлықтай жағдай емес.
Болашақта сапалы бақылау жүргізу және тексерілмеген әдебиеттердің түзету мекемесіне кіру фактілерін жою мақсатында, тексеруден өткен діни шығарылымдар Қапшағай қалалық ҚР ҰҚКД-нің «Ла-155/14 т.м» жедел тобы тексерілді» мөрімен белгіленіп отырған», - делінген хатта.

ҚАЖД басшылығы сондай-ақ, 2015 жылдың наурыз айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі пайдалануға тыйым салынған, теріс сипаттағы әдебиеттер тізімін жариялағанын айтады.
«Алайда, кейінірек, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің көрсетілген барлық шығаралымдар, тыйым салынған әдебиеттер тобына кіретін, қолдануға жарамсыз және теріс мінездеме берілген, соның арасында сайтқа шығарылған әдебиеттер тізімі ресми түрде жарыққа шықты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ҚАЖ комитеті нұсқаулығымен негізделген тізімдегі 10.03.2015 жылға дейінгі №14/22-5-3/30 барлық тыйым салынған әдебиеттер қолданыстан шығарылып, акт бойынша жойылды», - деп хабарлайды ҚАЖД басшылығы.

Ал, сайттағы мақалада аталатын және суреттері жарияланған әдебиеттерді, ҚАЖД басшылығының ойынша «бостандыққа шыққан азаматтар тап осы әдебиеттердің қолдануға рұқсат етілген кезеңінде жеке бас мақсаттарына пайдаланып, сонан соң аталған әдебиеттерге тыйым салынған кезде арандатушы материал ретінде тапсыруы мүмкін» деп санайтын көрінеді.