Алматының Рысқұлов даңғылындағы жүргізушілердің төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған,- деп хабарлайды Qamshy.kz tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.
Оқиға 9 тамыз күні Рысқұлов даңғылының Бөкейханов көщесімен қиылысқан тұсындағы көпірде болған.
Видеода Субару көлігінің жүргізушісін Тойота жүргізушісінің соққылап жатқаны анық көрінеді.
Әзірге екі жүргізушінің не үшін төбелескені, көпір үстіне көліктерін тоқтатқаны үшін қандай да бір жауапкершілікке тартылғаны белгісіз.