Қарағанды облысында жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырып жіберген студент қыз, жазадан құтылды. Сот бауыр еті баласын далада қалдырған келіншекке бір жылға шартты түрде ғана үкім шығарды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.
Яғни, заңды күшіне әлі енбеген шешімге сай, 18 жастағы студент қызды тәртіп сақшылары жүйелі түрде тексеріп отыратын болады. Ашық түрде өткен сотта жас ана өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді. Және бұл қадамға ата-анасынан қорыққаннан барғанын айтқан. Сондықтан жүктілігін баланың әкесі мен өз жақындарынан жасырып келген. Азаматша биыл мамырдың 17 күні мерзімінен бұрын әжетханада босанған еді. Нәрестеден құтылудың амалын іздеген ол, полиэтиленге салып, оны қоқысқа тастаған болатын. Сәбиді аула тазалаушылардың бірі тауып алған.
- Азаматша бір жылға бас бостандығынан шектелді. Сот 18 жастағы студент қызды 500 мың теңге көлемінде алимент төлеуді міндеттеді. Өйткені, ол ата-анасының асырауында. Ал баланы заңды түрде неке қиған әкесімен бірге асырайды, - Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлбаршын Жітікова.