ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы режиссер Талғат Жәнібековке қатысты сотқа берген арызын қайтарып алды. ҚР Мәдениет және ақпарат министріне қатысты Астана қаласының жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тергеу басқармасымен бопсалау бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Арыстанбек Мұхамедиұлының заңгері Ескендір Әлімбаевтың айтуынша, аталмыш қылмыстық іс Талғат Жәнібековтің мәлімдемесінен кейін қозғалған. Оның нәтижесі бойынша, Мәдениет министрлігінің лауазымды қызметкерлері тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар анықталмаған.
«Талғат Жәнібековтың мәлімдемесі бойынша, тергеу жұмыстары жүргізілді, оның айтқан деректері тексерілді. Дегенмен министр тарапынан, министрліктің қызметкерлері тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар болмағаны анықталды», - деді Е.Әлімбаев.
«Алдын ала тергеу барысында, яғни бетпе-бет сөйлесу кезінде, режиссер өзі айтқан сөздерден бас тартты. Ол оның сөзін дұрыс түсінбеді, нақты ештеңе меңземегенін айтып ақталды. А.Мұхамедиұлы үшін қаражат алу туралы әңгіме ешкіммен жүргізбеген, бопсалау, «жарна» төлеу және бюджет қаражатын ұрлау жөніндегі мәлімдемені түсіндіре алмады, себебі ондай мәлімдемелерді ол жасамаған», - деді министрдің заңгері.
Оның айтуынша, министр А.Мұхамедиұлының ар-намысын, беделін қорғау үшін азаматтық сотқа берген шағымы арызданушының өтініші бойынша қараусыз қалады.
«Біз Т.Жәнібеков тарапынан ресми түрде кешірім сұрауды күткен едік. Бетпе-бет кездесуде, ол өзінің бұрын айтқан мәлімдемелерінен толық бас тартқаннан кейін, біз оның ресми өкілдері арқылы оның бұл сөздерін ерікті түрде көпшілік алдында жоққа шығаруын сұрадық. Алайда Т.Жәнібеков тарапынан осыған байланысты қандайда бір шаралар қолжасалған жоқ», - деп түйді сөзін Е.Әлімбаев.
Еске сала кетейік, 12 шілде күні, режиссер Талғат Жәнібеков ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын бұқара алдында қаражат бопсалады деп айыптаған болатын. Осыдан соң, министр өзінің ар-намысын қорғау мақсатында заңгер жалдап, режиссерді сотқа берген болатын.