ОҚО-да жоғалған әйелді күйеуі өлтіріп, Келес өзеніне тастаған (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709053459074_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында  Нұрипа Құрбанованың із-түссіз жоғалып кетуіне күйеуінің қатысы бар, - деп хабарлайды Qamshy.kz TVK телеарнасына сілтеме жасап.

Дереккөздің берген ақпараты бойынша із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап, оның өлі денесін Жібек жолы ауылы маңындағы Келес өзеніне тастағанын айтқан.

Еске салсақ, Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғынын жақындары таба алмай жүргеніне алты күн болды. Оны 9 тамыздан кейін ешкім көрмеген. Ал Нұрипа Құрбанованың туыстары журналистерге оны күйеуі өлтіруі мүмкін деп болжап отырғанын айтқан. Олардың айтуынша, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасатын, ал күйеуі болса оны өлтіремін деп бірнеше мәрте қорқытқан екен.

Нұрипа Құрбанова — кәмелетке толмаған үш баланың анасы, онымен қоса, төртінші баласына аяғы ауыр екенін туыстары айтқан. Бірнеше жыл қатарынан ол Сарыағаш ауданы Абай ауылының маңындағы базарда күйеуі екеуі сауда жасаған. 27 жастағы келіншек Шымкент қаласына тауар сатып алу үшін кеткенен қайта оралмаған.

Жоғалған келіншектің туыстары күйеуі екеуі үнемі ұрыс-керісте өмір сүріп келгенін жеткізген. Соңғы жанжалдан кейін-ақ әйел жоғалып кеткен.

Аталған іс бойынша деректер әлі нақтыланбаған. Белгілісі, қазір әйелдің денесі Келес өзенінен іздестіріліп жатыр.

Қатысты Мақалалар