2016 жылғы 27 шілдеде www.qamshy.kz сайтында «Жазасын өтеп шыққан жігіт түзеу мекемесінде уаххабилік әдебиеттерге тыйым салынбағанын айтады» деген тақырыппен жарияланған мақалаға Қазақстандағы түзеу мекемелеріне жауапты ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен ресми жауап келді. Оқырмандарға өкілетті органнан келген хат мәтінін толық нұсқасында ұсынып отырмыз.
«2016 жылғы 27 шілдеде www.qamshy.kz сайтында Дархан Мұқантегінің авторлығымен шыққан Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті Заречный кенті ЛА-155/14 мекемесінің сотталғандарға арналған кітапханасында дәстүрлі емес діни мазмұндағы әдебиет бар туралы мақала жарияланған.
Аталған әдебиеттер расында мекеменің кітапхана қорында болды және 2013 жылы тәркіленді.
Республиканың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдардың кіру мәселесі 2014 жылға дейін заң жүзінде реттелмеген.
2014 жылдан бастап ҚАЖ мекемесінің аумағына діни әдебиеттерді кіргізу мәселесі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне діни әдебиеттердің келіп түсу тәртібі туралы Министрдің бұйрығымен реттелді.
Мұндай әдебиеттер міндетті түрде Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының қорытындысын алады.
Сонымен қатар, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 13-бабына сәйкес жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында ғибадат үйлерін (құрылыстарын) салуға тыйым салынады.
Қазіргі кезде барлық қолда бар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде діни мазмұндағы әдебиет бақылауға алынды, сотталғандардың оны пайдаланулары қылмыстық-атқару заңнамасының нормаларына қатаң сәйкестікте жүргізіледі».
ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі