Алғабастағы қисайған үйлерді салған компания сот алдында жауап беретін болды

/uploads/thumbnail/20170709053534247_small.jpg

Алматыда «Алғабас-6» шағын ауданындағы бірқатар тұрғын үйлерді салып, өз міндеттемелерін лайықты орындамаған «Дания констракшн» ЖШС сот алдында жауап беретін болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Алматы қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Азамат Рахимов тілшілерге осылай деді. 

«Дания констракшн» ЖШС-і салған тұрғын үйлердің ішінде нөмірі 1/148-ші тұрғын үй де бар. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй кем дегенде 50 сантиметрге ішкі аулаға қарай қисайып кеткен.

«Бұл 1/148 тұрғын үй 2015 жылы пайдалануға берілді. Біз «Дания констракшн» ЖШС сотқа бердік. Өйткені, бұл компаны өз міндеттемелеріне жауапсыз қараған. Сот шешімімен бұл компаниядан 39 млн. теңге өндіріп алу көзделген. Ал, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ осы «Алғабас-6» шағын ауданында зерттеу жүргізіп, жер қыртысының әлсіз екендігін анықтады. Енді осы институттың нақты ұсыныстарымен тұрғын үйлер орналасқан жер қабаты нығайтылатын болады. Бұл жұмыстар алдағы 1,5-2 ай аралығында аяқталады. Тұрғындарды үйден шығарудың қажеті жоқ», - деді Азамат Рахимов.

Қатысты Мақалалар