Глубоков техникалық колледжінің тағдыры 10 күннен кейін шешіледі

/uploads/thumbnail/20170709053910843_small.jpg

«Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалының төрағасы Даниал Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда Верхберезовский ауылындағы «Глубоков техникалық колледжін» жауып тастамауды, оқу орнын оңтайландыру мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Жақында партияның аймақтық филиал жетекшісінің қоғамдық қабылдауына қоғам белсендісі Валентина Кукченко колледжде оқитын балалардың ата-анасы жазған хатты әкеліп, техникалық колледжді (220 баланың орнына 160 студент оқиды, бала саны жеткіліксіз деген желеумен) жаппауын, оны өзге ауылдағы аграрлық колледжбен біріктіруін сұрады. 

«Балалар оқуға келіп жатыр. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген, жаңа құрылғылар бар, ғимарат аумағы қоршалған, футбол алаңқайы орнатылған», - деді Валентина Михайловна.

Олар Білім басқармасының колледж ғимаратына кәмелет жасқа толмаған қылмыстық іс жасаған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатты көшіргісі келетіні жайлы ақпаратты естіген (Бұл мектепте қылмыстық іске қатысы бар 28 бала бар екен).

Өз кезегінде Аграрлық колледжді 450 студентке арнап салынған, шын мәнінде онда 112 студент оқып жатыр, жаңа оқу жылын есепке алар болсақ, шамамен 160 студент болмақ. 

«Егер екі колледжді біріктірсек, бір ғимаратта 330-350 студент оқитын болады, бірақ техникалық колледжден босаған жатақхананың жайын ойластыру керек», - деді «Нұр Отан» ШҚОФ төрағасы. 

Д.Ахметов орынбасарларына 10 күн ішінде колледж мәселесін жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Қатысты Мақалалар