Бразилияда президент Руссеф тағы да жемқорлық дауына қалды

/uploads/thumbnail/20170709053912422_small.jpg

Елдің бас прокуратурасы экс-президенттің жемқорлық ісіне ілігуіне байланысты сотқа сауал жіберді. Сейсенбі күні Бразилияның федералды соты қызметінен кеткен президент Дилма Роуссефф пен елдің экс басшысы Инасиу Лула да Силва "Petrobras" мұнай компаниясындағы жемқорлықты тергеуге кедергі келтірді деген күдікпен іс қозғады. "GloboNews" телеканалының мәліметі бойынша, сотқа сұрауды елдің бас прокуроры Родригу Жанот жолдаған. Күдіктілердің арасында экс-министрлер Эдуарду Кардозу мен  Алоизиу Меркаданти де бар.  

Бразилиялық "Petrobras" компаниясы жемқорлық дауына 2014 жылы іліккен. Келісімшартқа қол қою кезінде 3 пайыз көлемінде комиссиялық пұлды қалтасына басқан жасырын жүйе қызметкерлері бұл ақшаны саясаткерлерді сатып алуға жұмсаған. Бразилия билігінің мәліметіне сенсек,   бұндай жүйе арқылы олар 3,8 миллиард доллар пайда тапқан.

Роуссеффке сенімсіздік білдіру мәселесі Бразилияның оппозициялық партиясының талабы бойынша қарастырылуда. Оппозициялық партия 2015 жылы конгресте ел президентінің қызметтен кетуін және оған қатысты салықтық заң бұзушылық пен мемлекет қаржысын пайдаланды деген күдікпен іс қозғауды талап еткен. Ал депутаттардың қорытынды дауыс беруі  25 тамызға жоспарланып отыр.

Қатысты Мақалалар