Қазатомөнеркәсіп ШҚО-дағы демалыс базасын сатуға шығарды

/uploads/thumbnail/20170709053914015_small.jpg

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургия зауыты» АҚ «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін сатуға шығарды.

Компанияның қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, «Үлбі демалыс базасы» ЖШС қарамағына Өскемен қаласынан 75 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысындағы «Төрт-қара» көлінің жағалауында орналасқан «Сибины» демалыс базасы жатады. Кәсіпорын демалыс ұйымдастыру, мәдени-сауықтыру шараларын өткізумен шұғылданады.    

Аталған нысанды саудалау баға көтеру әдісі бойынша үстіміздегі жылдың 16-тамыз күні Мемлекеттік мүлік реестрінің gosreestr.kz веб-порталында, Астана уақыты бойынша сағат 12:00 басталады. «Үлбі демалыс базасы» кәсіпорынының бастапқы құны 345 509 000 теңге.

«Сауда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген активтерді сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелеріне және мемлекеттік мүлік веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды саудалар өткізу реттемесіне сәйкес жүргізіледі», делінген хабарламада.

Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату бейінді емес активтерден арылу арқылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның экономикалық қосымша құнын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, компания өз қызметін тек атом энергетикасы саласына бағыттамақ ниетте. 

Қатысты Мақалалар