Багамдық спортшы мәреге секіріп жетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709053936000_small.jpg

16-тамыз күні 400 метрге жүгіру бойынша сайыс кезінде багамдық спортшы Шона Миллер ақырғы сәтте мәре сызығын жүгіріп емес, секіріп кескен болатын. Сол секірісінің арқасында ол Олимпиада чемпионы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz. baq.kz – ке сілтеме жасап.

«Мен ештеңе де ойлаған жоқпын» - дейді 400 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы багамдық Шона Миллер. Иә, оның ештеңе ойлауға да шамасы келген жоқ. Себебі ол басқа нәрсе ойлайтындай болса өкшесін басып келе жатқан америкалық Эллиссон Феликс одан чемпиондық атақты оп-оңай тартып алар еді.

Жеңіске деген ұмтылыстың, ерік-жігердің нәтижесінде ол өзі армандаған алтынына қол жеткізді. Мәреге жетуге соңғы сәттер қалғанда Миллер америкалық спортшы Эллиссон Феликстің өзінен озып кетуі мүмкін екенін түсініп, соңғы қадамға баруға бел шешкен. Спортшы мәре сызығынан асу үшін бар денесімен секіріп түскен.

«Мен ештеңе ойламадым. Тек көз алдымда алтын медаль ғана тұрды. Келесі секундта мен жерде жаттым»-дейді спортшының өзі.

Миллердің көрсеткіші 49,44 секунд. Ал америкалық спортшы бар-жоғы жеті секунд кешігіп қалды. Америкалық жанкүйерлер жарыстың секіруден емес, жүгіруден өтіп жатқанын айтып шуласты.

Алайда багамдық спортшының бұл әрекеті сайыс ережелеріне қайшы келмейді. Бұл спорт түрінде мәре сызығынан кеуде (қол, аяқ немесе бас емес) өтуі керек.

Бір қызығы, америкалық Эллиссон Феликс дәл осы Рио төріндегі сайыста мұндай әрекетке алғаш рет тап болып отырған жоқ. 200 метрге жүгіруден Рио ойындарының іріктеу кезеңінде жерлесі Дженна Прандини де секіру арқылы мәреге бірінші жетіп, Феликс сайысқа өтпей қалған еді.

Естеріңізде болса, бұл спорт түрінен еліміздің намысын қорғаған Элина Михина 53,83 секунд нәтижесімен 50-ші орынға тұрақтаған болатын. Ал Анастасия Кудинова 56,03 секундпен 55-ші орынды місе тұтты.

Қатысты Мақалалар