ОҚО-да «Тамақ өнеркәсібі» және «Ауыл шаруашылығы» - AgroProm Shymkent Оңтүстік Қазақстан көрмелері өтеді

/uploads/thumbnail/20170709053950875_small.jpg

2016 жылдың 6-9 қыркүйегінде Шымкентте, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ұйымдастырылған «Тамақ өнеркәсібі» және «Ауыл шаруашылығы» - AgroProm Shymkent Оңтүстік Қазақстан көрмелері өтетін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушылар үшін төлемсіз 9 метрлік стендті ұсынады. Көрмеге ауыл шаруашылығымен және тамақ өнеркәсібімен айналысатын қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатыса алады.

«Тамақ өнеркәсібі» және «Ауыл шаруашылығы» көрмелерін бірлесіп ұйымдастыру азық-түлік өнімдерін – шикізатты қайта өңдеуден бастап дайын өнімге дейін өндірудің толық кезеңін көрсетуге мүмкіндік алады.

Дамуды ынталандыру және өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды тарту; инвестицияларды тарту мен шағын және орта бизнесті дамыту AgroProm Shymkent іс-шарасын өткізудің негізгі міндеттері болып табылады.

«Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне жетекші қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады, олар азық-түлік және сусындарды өндіруге арналған жабдықтар мен технологияларды; ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды, сонымен қатар, азық – түлік пен сусындарды ұсынады.

«Ауыл шаруашылығы» көрмесі мамандарды ауыл шаруашылығының техникасын өндіруші мамандармен; мал шаруашылығы мен құс шаруашылығына, астықты қайта өңдеу мен сақтауға, көкөніс шаруашылығы мен бақ шаруашылығына арналған жабдықтармен және технологиялармен таныстырады.

Қатысты Мақалалар